Сделать стартовой
Сегодня
Меню сайта
Статистика
Счетчик посещений Counter.CO.KZ - бесплатный счетчик на любой вкус!
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Форма входа
Нравится

Байқоңыр — (1996 жылға дейін Ленинск қаласы) — Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы қала. Төретам темір жол станциясынан батысқа қарай 2 км жерде, Сырдария өзенінің оң жағалауында, Тұран жазығының қуаң белдемінде орналасқан. Тұрғыны 53 мың адам (1997). Қаланың іргесі 1955 жылы Байқоңыр ғарыш алаңын салуға байланысты қаланған. 1960 жылы қаланың тұрғыны 40 мыңға, ал 1975 жылы 74 мыңға жетті. Климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық әрі қуаң. Қаңтардың көпжылдық орташа температурасы –11С, кейбір күндері -35С-қа төмендейді; шілдеде 26С, кейбір күндері 45С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 мм шамасында. Байқоіырдың жер қыртысы палеоген кезеңінің құмтасты және тақтатасты жыныстарынан түзілген. Оның бетін Сырдария аңғарының шөгінділері жапқан. Шалғынды-боз және бозғылт құмдақты топырағында баялыш, күйреуік, жусан, сораң шөптесіндер басым. Бірнеше мың га жерді алып жатқан қала ұзақ жылдар бойына "аса құпия” нысан болып саналды. Жергілікті тұрғындар да, әскери мамандар да қаланы "10-алаң” деп атап келген. Ал қалаға іргелес жатқан "Крайний” әуежайы мен көптеген шаруашылық мекемелері және Төретам т. ж. ст. "9-алаңға” кіреді. Қалада Мәскеу авиация институтының филиалы, электр техникалық колледжі, ірі есептеу орталығы, әскери аурухана, емхана, әуежай, электр станциясынан, сыра зауыттары, түрлі мәдениет ошақтары, көптеген сауда, тұрмыс қажетін өтейтін кәсіпорындар жұмыс істейді. Байқоіыр қаласының орталық алаңына бас конструкторлар С.П. Королев пен М.Г. Янгельдің ескерткіштері, сондай-ақ, тұғырға С.П. Королев құрастырған ғарыш кемесі орнатылған. Қаланың демалыс саябағында ракеталарды сынақтан өткізу кезінде қаза болғандардың (200-ден астам) бауырластар зираты, ғарышты зерттеу тарихы музейі бар. Байқоіыр қаласы мен ғарыш алаңына қажетті құрал-жабдық, техника, құрылыс материалдары, т.б. заттар Төретам темір жол станция арқылы жеткізіледі. Қала инфрақұрылымына енетін көптеген кәсіпорындар мен мекемелер Байқоңыр ғарыш алаңымен бірге 1993 жылы Ресей Федерациясына 20 жылға жалға берілді.
Поиск
Реклама
Онлайн Фотошоп Онлайн Переводчик Онлайн TV Скачать с You Tube
Погода Байконура
Опросы
Байконурдағы ен мыкты MC...
Всего ответов: 120